Жетісу ормандарында заң бұзылған жағдайда қатаң шара қолданылады

Жаңалықтар
07.06.2017, 14:56

15Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығымен  баспасөз отырысын өткізді.

Баспасөз алаңында облыстың орман шаруашылығы жайында сөз болды. Аталған мәселе бойынша Алматы облысының әкімдігінің қарамағында 4,1 млн га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,7 млн га бар екені айтылды.  Осы аумақты күзету, орман өсімдіктерін қадағалау үшін он бес орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері және 17 орман тұқымбағы жұмыс істелетіні және онда 6,4 млн дана алуан түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілетіні сөз болды. Сонымен қатар, орман алқабында өз бетімен шөп шабуға, мал жаюға, дәрілік өсімдіктерді заңсыз жинауға болмайтыны және  ереже бұзылған жағдайда шара қолданылатыны айтылды.

«Біздің басқарманың негізгі міндеттерінің бірі - орманды өрттен қорғау. Осы туралы барлық аудан әкімдіктерімен, мемлекеттік орман күзеті қызметшілерімен бірігіп жыл сайын жиын өткізу, өртке қарсы техника, құрал-жабдықтарды даярлау, әртүрлі рейдттер жүргізу сынды жұмыстар атқарамыз. Осымен бірге жергілікті ауыл тұрғындарынан құралған 1693 ерікті өрт сөндіру жасағы бар. Орман алқаптарын ұлғайту -  экологияға қосқан үлкен үлесіміз деп есептеймін», - деді Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы К.Жанашбай.

Сонымен қатар отырыста ҚР Президенті Н.Назарбаевтің «Мемлекеттің болашағын бүгін құру қажет» атты баяндамасында келешекте орман мен бақ отанымыздың символы болуы керектігі жайында сөз болып аталған мәселе бойынша жасалынып жатқан жұмыстар мен қолға алынатын шаралар талқыланды.

Алматы облысындағы 192 су обьектісіне жобалар жасалуда

16Алматы облысының табиғаты таңдай қақтырары хақ. Оның өзен-көлін, тау-тасын, орман алқаптарын қорғау мемлекеттің басты міндеті. Су ресурстарын экологиялық талаптарға сай ұстау, өсімдік және жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жұмыс істеп жатыр. Бұл жөнінде

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында айтылды.

«Облыста ірі 301 су объектісі бар. Олардың ішіндегі ең ірілері Балқаш, Алакөл көлдері, Бартоғай, Қапшағай су қоймалары және Іле, Қаратал, Қаскелең, Талғар, Есік, Көксу, Тентек және басқа өзендер. Аталған өзендердің ішінде бүгінгі күні облыс әкімі Амандық Ғабасұлы Баталовтың тікелей тапсырмасымен Балқаш және Іле өзендерінде ирригациялық жұмыстар атқарылуда. Ал бұл жұмыстар өз кезегінде Балқаш көлінің суының молаюына өз септігін тигізіп жатыр», - деді Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы К.Жанашбай.

2017 жылы 21 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобаларын жасау жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,6  млн. теңге бөлініп, жобалар жасалып жатқан көрінеді. Аталған жобалар аяқталып, іске асырылатын кезде баяндамашылар қайтадан баспасөз алаңына келіп, өз жаңалықтарымен бөлісетіндерін мәлімдеді.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сұхбат

PhotoRoom