ОҚО-да биыл 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады

Жаңалықтар
09.06.2017, 14:16

Оңтүстікте  2017 жылы 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады.  Осы  мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы  «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.  Жалпы, облыста 844  елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп отыр деген сөз.20160705105735

«Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді.  Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр.  2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың  тұрғынға жеткізу межеленіп отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берді.  Облыс әкімінің айтуынша, өлкеміздегі  елді мекендер 73 пайыз  ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткіш бойынша  өңір республикада 4-ші  орында.  Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары 844 елді мекеннің 701-і, яғни 83 пайызы  ауыз сумен қамтылады.546

 Тікелей эфир барысында әкімге жол құрылысына қатысты да сауалдар қойылды. Белгілі болғандай,  Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 30 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған.

 

Сұхбат

PhotoRoom