Талдықорғанда «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті

Жаңалықтар
12.06.2017, 19:00

25

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілікті қамтамасыз етуге, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігінің артуына, медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуына мүмкіндік береді. Дәл осы тақырыпта дәстүрге айналғандай «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы Талдықорған қаласы, Қаратал өзені жағалауында өтті.  Науқанның бір бөлігі ретінде алдағы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.  Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Медициналық қызметкерлердің қатысумен өткен тақырыптық флешмоб көрермендер назарын баурап алды. Қала тұрғындары бұл акцияны қолдап қана қоймай медицина жүйесіндегі өз мәртебесін біліп қайтты.

«Мұндай іс-шаралардың жұмыс уақытынан тыс өтуі, әрі демалып жүріп осындай пайдалы ақпараттарды алу өте ыңғайлы. Себебі іс-шараға келген әр адам ауруханаға бармай жатып, өз мәртебесін анықтау мүмкіндігіне ие болады. Ұйымдастырушыларға, Egov электрондық үкімет порталына  алғысым шексіз», - деді акция қатысушысы Сапарова Мөлдір.

Сұхбат

PhotoRoom