Қожамжаров: "Әбдішев күдікті ретінде ұсталды"

Жаңалықтар
24.09.2014, 12:14

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде журналистерге берген сұхбатында Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.

Журналистер сауалына жауап берген агенттік басшысы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталғанын растай отырып, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

«Ол кеше қылмыстық істің қозғалуына қатысты қаулымен танысып шықты, сонымен қатар 132-бап бойынша күдікті ретінде ұсталды», - деді Қ. Қожамжаров. Оның сөзіне қарағанда, енді экс-әкімге 48 сағаттың ішінде айып тағылып, соның нәтижесінде қамауға алу шаралары қаралады.

Сұхбат

PhotoRoom