Тұрғын үй нарығында жеңілдіктер маусымы басталды

Жаңалықтар
14.06.2017, 16:50

442017 жылдың қаңтар-мамыр айларында тұрғын үй бағасы орта есеппен 2,3 пайызға төмендеген. Ал жасалған келісім шарт көлемі 30 пайызға артты. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Жылжымайтын мүлік сатушылары үй бағасын төмендетіп, қазақстандықтарды белсенді саудаға тартып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда баспана бағасы төмендеп келеді. Ең жоғары баға түсімі жаңа үйлерде болған.

2017 жылдың  қаңтар-мамырында жаңа үй бағалары  өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,2  пайызға төмендеген. Абаттандырылған тұрғын үйдің бағасы бір жылда 3,1 пайызға , ал элиталы үйлер 2,9 пайызға түсті.

2017 жылдың қаңтар-мамырында үй сатып алу үшін 63 мың келісім жасалған. Осыдан бағаның төмендеуі тұрғындарды қызықтырғанын байқауға болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй сатылымы 57 пайызға дейін артты. Маңғыстау облысында — 53 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысында — 44 пайызға көтерілген.

Тегтер:
Тұрғын үй

Сұхбат

PhotoRoom