Ақорданың аңдатпасы

Жаңалықтар
24.09.2014, 13:24

Қыркүйектің 30-ы Атырауда Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, оның жұмысына Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады.

«Көмірсутек саласындағы инновациялар» тақырыбындағы іс-шара аясында заманауи технологияларды мұнай-газ саласында қолдану, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау қарастырылған.

Форум кәсіпорындардың инвестиция және көмірсутек секторындағы инновациялар саласындағы қарым-қатыстарын кеңейтуге және жаңа байланыстар орнатуға, екі мемлекеттің іскер және қоғамдық топтарына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Сұхбат

PhotoRoom