Қазір қала мен ауылдық аймақтарда бой көтеріп жатқан жаңа нысандардың саны аз емес. Дегенмен көбінің заңды салынып жатқаны күмән тудырады. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық соттың судьясы Арыстанбек Стыбаев баспасөз мәслихатын өткізді. Осыған дейін құрылыс салушы сәулет-құрылыс бақылаунан өтіп, әкімшілік айыппұл төлеу арқылы үй салу жұмысын бастаған. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» жаңа заңының қабылдануына байланысты үй салушы техникалық және авторлық қадағалау мамандарымен бірлесіп шешім қабылдаған соң ғана үй тұрғызады. Алматы облысы сейсмикалық қаупі бар жерде орналасқандықтан салынып жатқан үйдің жер аумағына қатаң қадағалау қажеттілігі айтылды.
«Көптеген жер учаскелері үйлер салу үшін уақытша мемлекеттік акті бойынша 2-4 жылға 2012 жылдан 2016 жылдарға арналған жалға алу құқығы негізінде берілген. Жаңа Заңның енуінен бастап құрылысты рұқсатсыз жүзеге асырған және өз бетінше салынған объектілерді әкімшілік айыппұлдар төлеу арқылы заңдастырамыз деп санаған азаматтар, өз бетінше салынған объектілерді заңдастыра алмайды. Осыған байланысты соттарға жаппай өтініштерді тудырады», - деді Арыстанбек Сағатбекұлы.
2016жылы Жергілікті билік өкілдеріне рұқсатсыз құрылыс заңдастыру өтініші бойынша 13 мыңнан астам азаматтар тіркелді. Ал ағымдағы жылы 354 өтініштің, 229-ы қанағаттандырылды.
Кез-келген қала немесе ауыл тұрғыны үй салмастан бұрын уәкілетті органдардан құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсат қағазы, оңды шешімін тапқан жобалау-сметалық құжаттары, құрылыстың басталуы жайлы қажетті органдарға ескертуі, авторлық құқық және техникалық келісімшарттың болуы талап етіледі.