ОҚО әкімі туған жерді түлетуге кәсіпкерлерді жұмылуға шақырды

Жаңалықтар
15.06.2017, 23:43

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.e005d548-2550-4f05-8a37-1e86c67d3f15

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен өңір кәсіпкерлері және банк директорлары, мемлекеттік мекеме басшылары, даму институттарының жетекшілері мен  БАҚ өкілдері  қатысты.

Кездесу барысында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған мақсат-міндеттер сараланып, өңірдің даму концепциясы талқыланды. Бизнестің өркендеуіне мемлекет тарапынан жасалынып отырған қолдаулар мен кәсіпкерлерді қаржыландыру жүйесінің жаңа тетіктері сөз болды.18102fb9-ef93-4534-87dc-27f823522731

Туған жерді түлету - ортақ парыз екенін айтқан облыс әкімі Ж.Түймебаев кәсіпкерлерді туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтың үздік үлгісін көрсетуге шақырды.

«Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан бизнестің өркендеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасалынып отыр. Соның нәтижесінде тек соңғы 3 жылда облысымызда «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы  жалпы құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын  5,7 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Бұл дегеніңіз жақсы көрсеткіш. Десек те, алда атқарылатын жұмыстар әлі де аз емес. Бұл ретте мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен өңір экономикасын өркендетуде жеке кәсіпкерлердің қосып жүрген үлес, ықпалының зор екенін айтқым келеді», -деді Жансейіт Қансейітұлы.755e4ffd-3a50-4c59-b9fd-c0e3720a1cae

Сонымен қатар, әкім бизнесмендерге сауда орталықтары мен сити кешендерін салуды тоқтатып, халыққа қажетті тұрғын үй мен студенттерге арналған жатақхана салуды және өңірдің экономикасына септігін тигізетін туристтік жобаларды салу жайын көтеріп, сол жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Мұнан бөлек, жиында облыс әкімінің орынбасарлары өз салалалары бойынша мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүзеге асырылуы тиіс жобаларды таныстырып, бұл бағытта мемлекеттен көрсетілетін қолдауларды айтып өтті.1b9b91a6-0fe3-423b-9a19-a5f6129b3947

Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды  мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде 35 жоба салу ұсынылып отырғанын атап өтті. Ал облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов Түркістан қаласы мен Сарыағаш, Шардара, Төле би аудандарында іске асырылатын туристтік жобалар мен басқа да аудандарда іске асыруға болатын ауыл шаруашылық, өндірістік бағыттағы жобаларды таныстырды.

Жүзге жуық кәсіпкерлер бас қосқан жиында олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінен туындайтын идеялардың жүзеге асуында және бизнеске кедергі болып отырған негізгі өзекті мәселелер туралы пікірлерімен бөлісіп, облыстың дамуы бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom