2017 жылдың 16 маусымында Азаматтық авиация комитеті әуе кемесінде ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірген Мақсат Үсеновке қатысты Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 564 бабы 5 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды.
Аталмыш бапта екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу (453800 төрт жүз елу үш мың сегіз жүз теңге) немесе он бес тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
4 маусым күні анықталғандай, Алматы – Бангкок рейсімен ұшып бара жатқан М.Үсенов әуе кемесінің бортында темекі тартып, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекетке барған. Ұшу кезінде темекі өнімдерін пайдалануға халықаралық және ұлттық талап бойынша шектеу қойылған. 564 бап (бесінші бөлім) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзкшылық жөніндегі істі сот қарайтын болады. Тиісті материалдар тұрғылықты жері бойынша сот органына жіберілді.