Бүгiнгi таңда аудандағы 26 ауыл округi аумағында көрме жайлы 30 билборд орналастырылды. Сондай-ақ, қоғамдық 20 автокөлiкке, 70 таксиге көрменiң логотипi жапсырылды. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында көрме жөнiнде хабарландырулар берiлiп, тұрақты түрде жарнамалар көрсетiлуде. Сонымен қатар, көрмеге қатысушы ерiктiлердiң дайындығын пысықтау мақсатында аудандық iшкi саясат және жастар орталығы бiрлесiп, арнайы iс-шара жоспарын әзiрледi. Оған сәйкес тиiстi жұмыстар жүргiзiлiп, үш тiлдi меңгерген 20 ерiктi iрiктелiп алынды.
Қазiргi таңда көрменi тамашалау үшiн аудан тұрғындары 15000 билет сатып алған лды. Ал, әлеуметтiк аз қамтамасыз етiлген 35 адамға аудан бюджетiнен 3,5 млн. теңге бөлiндi. Оларды аудандық жұмыспен қамту және әлeуметтiк бағдарламалар бөлiмi елордаға 1 тамызда пойызбен алып бармақ.
Аудандық бiлiм бөлiмi тарапынан 150 оқушыны көрмеге апаруға бюджеттен 11,4 млн. теңге қаралды. Оларды 22 шiлде күнi шығарып салу көзделуде. Сонымен қатар, қосымша 46 оқушыны көрмеге апару жоспарланып отыр.
Облыс тарапынан Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң №2 жатақханасынан 320 орын және №5 жатақханасынан 180 орын, Қазақ Ұлттық Өнер университетiнiң жатақхана корпусынан 100 орын броньдалған.
Айта кету керек, Сарыағаш ауданынан Астана қаласына күн сайын 36-52 орынды 20 вагоны бар бiр пойыз қатынайды. Сұраныс туындаған жағдайда күнiне 25 вагонға дейiн тасымалдауға мүмкiндiк бар.
Ал, автомобиль тасымалы бойынша Сарыағаштан Астана қаласына дейiн күн сайын «Оңтүстiк Тұлпар» ЖШС-нiң автобусы қатынайды. Мұнда да сұраныс туындаған жағдайда күнiне автобустар санын төртеуге жеткiзуге мүмкiндiк бар. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек кеден бекетiнiң маңы, «Is group capital» ЖШС тұрағынан күнделiктi 49 орынды екi автобус Астана қаласына қатынауда. Халықаралық көрме күндерi кезiнде күнделiктi 4 автобус жолға шығады.
Бiр сөзбен айтқанда, Астана қаласына күнiне 600 адамды тасымалдауға Сарыағаш ауданының әлеуетi жетедi.