БҰҰ Қауіпсіздік Қеңесі қарары авторларының бірі - Қазақстан

Жаңалықтар
25.09.2014, 12:42

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 69-ыншы сессиясына қатысу мақсатындағы Нью-Йоркке сапары жалғасуда, деп хабарлады сыртқы саяси ведомоствоның баспасөз қызметінен.

Қазақстандық делегация БҰҰ БА 69-ыншы сессиясындағы жоғары деңгейдегі пікірталастардың ресми ашылуына қатысты. Онда қалыптасқан дәстүрге сәйкес, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Бразилия Президенті Дильма Руссеф, АҚШ Президенті Барак Обама және басқа да мемлекеттер басшылары сөз сөйледі. Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының сөз сөйлеуі аптаның екінші жартысына жоспарланған.

24 қыркүйекте  Е. Ыдырысов өзінің шетелдік әріптестері - Лесето  СІМ басшысы М.Тсекоа, Молдова - Н.Герман, Нигера - М.Базум, Судан - А.Карти және Уругвай сыртқы саяси ведомоствосының басшысы Л.Альмагромен екіжақты кездесулер өткізді. Жүздесулер аясында тараптар ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 ж.ж. аралығында тұрақты емес мүшелікке ұсынысын талқыға салып, халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, Е.Ыдырысов ЕҚЫҰ Бас хатшысы Л.Заньермен кездесті. Тараптар Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі күш-жігерін, Орталық Азиядағы аймақтық жағдайды, сондай-ақ Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның әрі қарай ықпалдасу механизмін талқыға салды.

Қазақстандық делегация мүшелері АҚШ төрағалығымен өткен «Лаңкестік шабуылдардан туындаған халықаралық әлем мен қауіпсіздікке қауіп» тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің нәтижесінде бірауыздан қабылданған экстремисттік ұйымдар қатарына тұлғаларға қарсы қатал шаралар қарастыратын қарар авторларының қатарына кірді.

Жұмыс күнінің соңында қазақстандық СІМ басшысы БҰҰ БА аясында ұйымдастырылған бірқатар шараларға қатысып, онда Жапония Премьер-Министрі Ш.Абэмен, Испания Королі Филипп IV, Еуропалық Кеңес Төрағасы Х. Ван Ромпеймен, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі Жоғары Өкілі К.Эштонмен және оның мираскері қазіргі Италия Сыртқы істер министрі Федерико Могеринимен  кездесті. Сондай-ақ, Е.Ыдырысовтың БҰҰ жаңадан тағайындалған адам құқықтары жөніндегі Жоғары Комиссары З.Әл-Хуссейнмен және Халықаралық Қызыл Крест Президенті П.Морермен жүздесті.

Сұхбат

PhotoRoom