Виктор ЛИТОВКИН, «ИТАР-ТАСС» ақпарат агенттiгiнiң әскери шолушысы, Ресей.
ҚАЗАҚСТАН БҰЛ КӨРМЕНI ӨТКIЗУДЕН ТЕК ҰТАДЫ
– Көрменiң ашылуы керемет өттi. Тамаша әсер алдым. ЭКСПО – 2017 көрмесiн жоғары деңгейде ұйымдастыра бiлген Қазақстан халқын құттықтаймын. Бұл – әдеттегi қарапайым iс-шаралардың бiрi емес. ЭКСПО дегенiмiз – саяси-экономикалық және әлеуметтiк маңызы бар ауқымды жоба. Ол – жаңа келiсiмшарттар, инвестициялар, жаңа белестер мен байланыстар. 115 мемлекет пен халықаралық ұйымдар өз павильондарын ашты. Яғни, инвесторлар өз аяғымен елдерiңiзге келдi. Елдiң халықаралық аренадағы беделi мен танымалдылығы артты. Сондықтан Қазақстан бұл көрменi өткiзуден ұтылмайды, керiсiнше тек ұтады. Ал, жалпы ресейлiктер бұл көрмеге қызыққан-қызықпағанын дөп басып айта алмаймын. Бiрақ, бiздiң мемлекетiмiзде де Астанада ЭКСПО көрмесi өтетiнi туралы ақпарат айтылды. Бәлкiм, саяхатшылар көп болатын шығар. Оны уақыт көрсетедi. Дегенмен, өзiме Астана ұнады. Осы көрме қарсаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымына тағы екi мүше мемлекет қабылданды. Демек, бұл ұйым жер шары тұрғындарының тең жартысын қамтитын мықты одаққа айналды деген сөз.
Гарат Иан УАЙТ, CNBC телеарнасының қызметкерi, Ұлыбритания.
ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ БIРАЗ НӘРСЕНI БIЛIП АЛДЫМ
– Шынымды айтсам, Қазақстан және қазақ ұлты туралы өте аз бiлетiнмiн. Осы көрмеге жұмыс бабымен келiп, бiраз жаңалық ашқандай болдым. Елдерiңiзде камераға түсiретiн дүниелер өте көп екен. «Нұр Әлем» павильонын аралау барысында қазақ халқы туралы бiраз нәрсенi бiлiп алдым. Астана көрiктi қала екен. Бiз осы iссапарымызда тағы да көптеген қызықты мәлiметтер бiлемiз деген ойдамын. Ал, өзiмiздiң Ұлыбритания павильонына не қойылғанынан әлi хабарсызбыз. Әрiптесiм Карлос Виктор екеумiз арнайы аралап, түсiрiлiм жасаймыз.
Анарбай ОРАЗОВ, зейнеткер.
БҰЛ – ЕЛ МЕН ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГIНIҢ ЖЕМIСI
– Шымкент қаласынан келдiк. «Нұртас» шағынауданында тұрамыз. Апаларың екеумiз ЭКСПО қалашығын аралап жүрмiз. Керемет әсер алдық. Көрме – адамзат баласы үшiн пайдалы iс-шара. Қазақстанға сенiп тапсырылуында да үлкен мән бар. Сондықтан Елбасымызға рахмет айтамын. Бұл – ел мен Елбасының ортақ жеңiсi. Мемлекетiмiздiң қабiлетi мен мүмкiндiктерi молайып келе жатқанының белгiсi. Билеттi қыздарым әпердi. Астанаға шақырып, бiздi қыд