ERG кәсіпорындарының 6500 қызметкері EXPO көрмесін тамашалайды

Жаңалықтар
21.06.2017, 01:31

ERG кәсіпорындарының 500 қызметкері біліктілігін арттырып әрі ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін бүгін Астанаға ат басын тіреді. Халықаралық шара аяқталғанша, яғни қыркүйек айына дейін Еуразиялық топ құрамындағы компаниялардың 6500 қызметкері Астанада арнайы оқудан өтіп, мамандандырылған көрмені тамашалай алады. Ақтөбеден келген пойыздан «Қазхром» трансұлттық компаниясының ең үздік 500 қызметкері түсті. Солардың бірі – Ардақ Сәттібаева. Жас маман үлгілі қызметкерлер қатарынан табылып, жолдама алғанына қуанышты екенін айтты.ERA_3923

Ардақ Сәттібаева, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының инженері: -Жақсы мамандарды таңдап Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға және де Назарбаев Университеті қабырғасында өтетін оқу семинарға бізді жолдап отыр.

Еуразиялық топтың өндірістік кәсіпорындары Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында орналасқан. Бұл нысандарда барлығы 61 мың адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін компания басшылығы «Командалық жаз-2017» жобасын қолға алды.

????????????????????????????????????

Ирина Дәулетбакова, «Еуразиялық топ» ЖШС персонал және әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарушы директоры: -Алғашқы оқудың мақсаты – біздің топтың даму қарқынын анықтау, стратегиясын білу, міндеттерін айқындау. Адамдар – біздің басты активіміз. Сондықтан Еуразиялық топ оларды жан-жақты дамытуға, олардың компания мен еліміздің өміріне белсенді араласуын ынталандырады. Ең үздік 6500 қызметкер арнайы оқудан өтеді.

Еліміздегі айтулы оқиғаға куә болған ақтөбелік жұмысшылар таңданыстарын жасыра алмады. «Бас шаһардағы көрікті кешенді тек теледидардан емес, өз көзімен көрген де ерекше әсерлі», –  дейді олар.

Дерек көз: khabar.kz

Сұхбат

PhotoRoom