ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қазақ мемлекеттілігіне қатысты былай деді:
«Қазақтарда мемлекет болмаған, оларда шекара болмаған» деген әңгіме бекер. Керек десеңіз арғы ғұндардан, бергі Қазақ хандығынан бастап, бізде шекара шартты түрде қашанда болып келді. Алайда, ондай шекараның күші қай уақытта болады? Оның күші шектесетін көрші мемлекетпен келісімге келгенде және ол келісімдер БҰҰ-да бекітілгенде, шекара шартты емес заңды болады. Яғни, Қазақстанда бұған дейін шекара болды, бірақ келісім болған жоқ. Мәселен, 1884 жылы Ресей мен Қытай арасында шекара сызығы өзара жүргізілді, оған Қазақстан қатыспады. Неге? Өйткені, біздің мемлекеттігіміз болмады, Ресейдің құрамында болдық. Сондықтан да, мемлекет болу біз үшін бәрінен қымбат, мемлекеттілікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек»