Қырғызстан тұрғындары Еуропа жағажайынан гөрі Астанадағы ЭКСПО-ны көруді қалайды

Жаңалықтар
21.06.2017, 17:00

Танымдық туризм. Қырғызстанның туроператорлары биыл өз тұтынушыларына ерекше ұсыныс жасап отыр. Дәлірек айтсақ, Еуропа жағажайларының орнына Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне барған артығырақ. Себебі келушілер «Арқа төріндегі демалыс кезінде түрлі ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндік алады» деп отыр.95033081bdda3d958feacd3bfb63f6fc_L

Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесіндегі ғажайып инженерлік техниканы көргенде арманда, көрмегенде арманда. Сондай-ақ, көрме алаңындағы танымдық мәдени шараларды қосыңыз. Қырғызстандық операторлар туристерді тамсандырудың тәсілін ұсынды.

Данияр Қазақов, туристік компания басшысы: - Халықаралық көрмені тамашалауға құштар жандар көп. Онда баруға бізде жеңілдіктер де бар. Визасыз барып, танымдық саяхат жасап қайтуға болады. Бір көрмеден 100-ден астам мемлекеттің тың жаңалығын көресіз.

Мұндағы туристік фирмалар түрлі қызметтер ұсынады.  Бизнес кластағы әуе жолы мен бес жұлдызды қонақ үйге орналастыру жайы да қарастырылған. Сондықтан, айыр қалпақты ағайынның біразы Астананы бетке алмақ.ERA_3923

Мирсамат Мухамедзиев, туристік фирма менеджері: - Кез келген турист болмағанда бір күнін Астанаға арнауы керек деп ойлаймын. Себебі бұл өте әсем қала. Онда Қазақ елінің тарихымен танысу үшін музейге де баруға болады. Ару қалада демалатын саябақ та көп.

Дегенмен, туристік фирмалардың қызметін барлығы пайдаланады деуге келмейді. Қырғызстандық ағайынның көбі көрмені көру үшін, ұшақ, пойыз немесе жеңіл көлікпен шекара асып өздері келуді көздеп отыр. Көпшілігі Қазақстанға бұдан бұрын бір емес, бірнеше мәрте келіп, жолды жатқа біліп алған.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom