ЭКСПО-дағы Францияның Ұлттық күні өтіп жатыр

Жаңалықтар
21.06.2017, 17:06

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Франция елі Ұлттық күнін атап өтеді. Француздардың павильонына ат басын бұрғандарды әртүрлі мәдени бағдарламалар күтіп тұр. Мәселен, Де ля Шансон ұлттық ән орталығы «Падам панам» қойылымын  ұсынады. Ал,  «Будуар» дуэті 1910-1960-жылдардағы француз ретроәндерін орындайды.402c675531863139edd6eea878e7e38f_L

Нұрбек Байбосын, тілші: Астана ЕХPO-2017 көрмесінде Франция павильоны ең үлкен нысандардың бірі саналады. Аумағы да ат шаптырым. 1000 шаршы метрден асып жығылады. Жалпы ЭКСПО  көрмесін  технологияға бай эко қалашық деп те атаған жөн секілді. Сонымен көрмедегі француз компанияларының энергияны үнемді тұтыну үлгісіне ауысудағы соңғы  жетістіктері туралы аз-кем ақпар берсек. 0kMnOgUzМысалы әлемге танымал экомобиль «Пежо Кварц» моделінде гибрид моторы болғанымен, ол жанар-жағармаймен де, қуатпен де жүре алады. Ішкі салоны экологиялық таза материалдан жасалған. Экомобильдің басқа елде баламасы жоқ. Француздар мұны жуырда қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Көрме аясында Франция ақылды қала жобасын да ұсынады. Француздардың Ұлттық күнінің дәл осы 21-маусымда өтуі тегін емес. Бұл ерекше күн. Яғни музыка күні. 1982 жылдан бері аталып өтіп келеді. Сондықтан да бүгін павильонда әдемі әуендерге басымдық берілмек. Дүние жүзіне танымал Keili Group квартеті бретондық дәстүрдің заманауи көрінісін, әуендері мен билерін көрсетеді. Пиренейлерден құралған топта өз бағдарламасын ұсынады.

Дерек көз:24.kz

Сұхбат

PhotoRoom