Индустрияландыру картасымен биыл 100-ден астам жоба жүзеге асырылады

Жаңалықтар
22.06.2017, 01:12

Қазақстанда 2017 жылдың 4 айында өндірістік өнеркәсіп көлемі 7,1%-ға өскен. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі 7,8% болса, өңдеу өнеркәсібі 6,8%. Ал, түсті металлургияның өсімі есебінен 7,9%, қара металлургия 9,3% және фармацевтика 49,7% өсіп отыр. Сондай-ақ,  Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 700 млрд. теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар арқылы 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.industry

Айта кетейік, өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд. теңге болатын 130 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылған болатын. Карта жобаларымен 2016 жылы 2,2 трлн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның 1,4 трлн. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.20150515223800

Биыл индустрия 4.0 элементтерін  енгізу аясында жүйелі шаралар пакетін және өнеркәсіпті цифрландыруда мемлекеттік қолдау құралдарын әзірлеу бойынша (заңнамалық өзгерістер, стандарттау және тағы басқалар) жұмыстар жүргізіледі.

???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????

Сонымен қатар, айта кетейік өткен жылы тікелей шетелдік инвестиция 40% өсіп, 20,6 млрд. АҚШ долларын құраған. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде биыл ақпан айында ЭЫДҰ кеңесі Қазақстанның ЭЫДҰ халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар жөніндегі декларациясына қосылуын, сондай-ақ, ЭЫДҰ инвестиция жөніндегі комитетіне «қауымдастырылған мүше» ретінде кіруін мақұлдады.

Сұхбат

PhotoRoom