Қазақстандық әуе тасымалдаушылар жазғы мерзімде 11 рейс ашпақ

Жаңалықтар
22.06.2017, 23:59

«ЭКСПО-2017» көрмесіне орай Астанаға жан-жақты пойызбен қатынайтын халықтың саны көбейетіні анық. Осыған байланысты жолаушыларды үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін бағыттар санын арттыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы  ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚазАқпарат тілшісен берген сұхбатында кеңінен тоқталып кетті.20170619195102

Оның айтуынша, әкімдіктермен және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алдын ала болжамдары бойынша көрмеге келушілердің түпкілікті саны анықталған. Көрмеге аймақтардан келетін адамдардың саны 1 млн. 800 мыңнан асады деген болжам бар.  Олардың шамамен 1,1 миллионға жуығы темір жол көлігімен келеді деп күтілуде. Осы ретте, Тұлпар-Тальго вагондарымен жасақталған 14 жолаушылар және қала маңына қатынайтын пойыздар іске қосылады. Сонымен қатар, министр ЭКСПО кезінде тасымалдаушылар қосымша вагондар тіркейтінін жеткізді.

«Қазіргі таңда 13 жолаушы және қала маңы пойыздары іске қосылды. Жасалынып жатқан шаралар жаз кезіндегі билет тапшылығын ескере отырып, теміржол көлігінің қол жетімділігін қамтамасыз етеді. - Қазақстан шет елдермен халықаралық әуе байланысын кеңейтуде. Әсіресе «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде де бірқатар әуе рейстері ашылатыны белгілі. Осыған толығырақ тоқталсаңыз? - Қазіргі таңда Астанадан халықаралық ұшуларды 17 әуе компаниясы 25 халықаралық бағыт бойынша аптасына 193 рейстік жиілікпен жүзеге асырады»,-деді  Жеңіс Қасымбек .

Сондай-ақ, министр өз сұхбатында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде барлық ниет білдіруші шетелдік әуе тасымалдаушыларына Астана қаласына аптасына 7 рейске дейін орындау құқығы ұсынылғанын атап өтті.1478067457_uletayushchiy_vdal_samolet

«Қазақстанға қосымша рейстерді тарту жұмыстарының нәтижесінде Польша, Жаңа Зеландия, Италия, Бразилия, Мексика, Пәкістан, Греция, Чехия, Швеция, Португалия, Канада, Испания, Израиль мемлекеттерінің әуе тасымалдаушыларына Астана қаласына күнделікті ұшу орындауға құқығын беретін 13 тиісті Өзара түсіністiк туралы меморандумға және келіссөздерінің Хаттамасына қол қойылды. Биыл маусым айынан бастап Астана қаласына  Польша, Венгрия, Финляндия және  Қытай әуе компаниялары тікелей рейстерді ашып жытыр. Айталық, «LOT Polish Airlines» Варшавадан 29 мамырдан аптасына 4 рейстік жиілікпен, «WizzAir»  8 маусымнан бастап Будапештен аптасына 2 рейстік жиілікпен, «FinnAir» 18 маусымнан  бастап Хельсинкіден аптасына 2 рейстік жиілікпен, «Air China»  2 маусымнан бастап Бейжіңнен аптасына 3 рейстік жиілікпен ұшу бағыттарын орындап келеді»,- деп айтты министр.

 Бұдан бөлек, қазақстандық әуе тасымалдаушылар жазғы мерзімде 11 рейс ашуды жоспарлап отыр.  Олар: Астана - Ереван 2 рейс (СКАТ), Астана - Минводы - 5 рейс (СКАТ), Астана - Киев - 3 рейс, (Эйр Астана), Астана - Сиань - 1 рейс (СКАТ).

 

Сұхбат

PhotoRoom