ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЛИК АЙДАРБАЕВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жаңалықтар
23.06.2017, 23:51

Бірінші вице-министрдің жұмыс сапары «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» атты Елбасының Жолдауына сәйкес, қалыптасқан «Тау-кен секторы және өңдеуші өнеркәсіптің жеке салаларын базалық индустрияландыру» салалық бағыты жұмысының аясында өтті.20170621_092743

Бірінші вице-министр «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК-ға барды. Онда директор - Геннадий Силинский – филиал бөлімшелерінің дислокациясы, құрылымы және қызметімен қысқаша таныстырып өтті және оралымды автомобильдің, құрылғылардың, құралдардың және арнайы автомобильдердің жабдықталуын көрсетті.

Сондай-ақ, Алик Айдарбаев оннан аса кәсіпорынның қызметімен танысты. Оның ішінде «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның Нұрқазған байыту фабрикасы, «Maker» ЖШС, НИЦ КазГидроМедь, «Бемер Арматура» ЖШС, «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС, Recycling Company» ЖШС, «Seven refractories Asia» ЖШС, «Steel manufactoring» ЖШС, «Техно Индустрия» ЖШС бар. 20170621_111135

Бұдан бөлек, бірінші вице-министр «АрселорМиттал Темиртау» АҚ металлургиялық комбинатының негізгі цехтары мен бөлімшелеріне барды. Соның ішінде домналық, конвертерлік, сортпрокаттық цех және ыстық алюмомырыштандару цехтары бар. Кәсіпорынның басшылығымен жұмыс отырысы өтіп, онда проблемалық мәселелер мен алдағы даму жоспар талқыланды.

Сонымен қатар,сапар барысында бірінші вице-министр Қарағанды-Теміртау автожол құрылысының ахуалымен танысты.img-20170621-wa0057

Бірінші вице-министрдің Қарағанды облысына жұмыс сапарының барысында Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінен төраға орынбасары Қанат Байытов және Тау-кен металлургия өндірісі басқармасының бас сарапшысы Ернар Саржанов қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom