Биылғы жылы ЕАМФ Конгресс орталықта Қазақстан үшін ең маңызды шара «EXPO-2017» тақырыбында өтеді.
Шара жыл сайын 60-қа жуық елдің сарапшылары мен саясаткерлерін, экономистері мен көшбасшыларының басын қосады. Форум тақырыбы: «Ымыраға келу жолдарын іздестіру».
Конференция барысында халықаралық саяси және медиа қауымдастық үшін маңызды мәселелер қаралды. Сондай-ақ әлемнің геосаяси қайта құру, цифрлық революцияның қауіпсіздік стратегиясы, болашақ энергиясын дамыту мен оның ерекшеліктері тақырыбы да қозғалды.
2017 жылдың ЕАФМ күн тәртібінде қазіргі заманның бірқатар маңызды мәселелері, өзара қарым-қатынастың болжалды сценарийі, «жасыл экономика» тұжырымдамасы, «азиялық экономикалық ғаламат», инвестициялар, цифрлық революция, қауіпсіздік стратегиясы талқыланды. Форум қонақтарын жаңа алаңнан өзге маңызды пікірталастар мен қызықты тақырыптар, жұлдызды спикерлер күтеді.
Биылғы жылдың форумында дағдарыс дәуіріндегі тұрақты даму стратегиясы, инвестицияны ынталандыру факторы, үдемелі индустрияландыру мен интеграцияға әсер етуі, жаһандық көшбасшылық жолында бизнес үшін стратегиялық мәселелерді шешу, Қытай мен Азияның қарқынды дамуы, жасыл экономика тұжырымдамасы мәселелері де талқыланады.
Источник: khabar.kz