Нұрсұлтан Назарбаевқа Монаконың ұлттық павильонында «жасыл экономикаға» энергетикалық тұрғыда өтудің проблемаларына арналған экспозициялар және Княздікте қолданылатын үздік тәжірибелер көрсетілді. Бұл туралы 24.kz сайты жазады.
Мемлекет басшысы «Болашақтың бейнесі» атты инсталляциямен, Монаконың аумағын кеңейту жөніндегі жобаның макетімен, «Жасыл зертхана» секциясымен және күн энергиясымен жүретін велосипед сияқты басқа да экспозициялармен танысты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Монако Княздігі ұлттық павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, ІІ Альберге Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын көрсетті. Онда екі елдің көшбасшылары уранды жерасты ұңғымалы тазарту әдісін, «Токамак» термоядролық реакторының интерактивті макетін және Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған басқа да экспозицияларды көрді. Монако Княздігі ұлттық павильонының тақырыбы – «Болашақтың бейнесі». Онда 2025 жылға қарай теңіздің 6 гектарында құрылыс жүргізу арқылы Княздік аумағын кеңейту жөніндегі шешімдерге арналған экспозициялар, экологиялық орнықтылық пен экологиялық мобильділік саласындағы жобалар қойылған.