Елордада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесі аумағында Монако Княздігінің ұлттық павильоны ашылды

Жаңалықтар
25.06.2017, 16:17

Елордадағы  ЭКСПО көрмесі аумағында Монако Княздігінің ұлттық павильонының ашылуы өтті. Оған Монако Князі Альбер ІІ мен Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Алдымен әдеттегідей қос мемлекеттің әнұраны шырқалып, туы көкке көтерілді. Қазақстан Монакомен достық қарым-қатынасты берік ұстанады.82aa02f515e06e3ae4217d9fe44b5ab5_L

«Княздық мемлекет – көптеген мәселелер тұрғысында бізбен сенімді серіктес», – деп атап өтті Сенат төрағасы Қасым-Жомарт, Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: -Ғаламдық маңызы зор мәселелерге тоқталған тұста біздің ұстанымымыз бірдей, ойымыз ортақ. Сондықтан да,Князь Альбер Екіншіге Экспо көрмесінде Монако мемлекетінің павильоны ашылғаны үшін алғыс айтып , ризалық білдіремін.

Альбер II, Монако Князі: -«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қос мемлекет арасындағы достықты  одан әрі нығайта түсті. Ұлтымыз басқа болғанымен, бізді ортақтастыратын дүниелер көп. Алға қарай ұмтылу, жасыл экономиканы дамыту – бәріміз көздеп отырған меже. Әсіресе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылы елдегі тұтынатын энергияның 50 пайызын осы баламалы энергия құрауы тиіс дегені – маңызы зор мақсат. Қазақстанның табиғи қоры бай. Біздің мемлекет әлемдік климаттың жылынуын тежеу бағытында жұмыс істейді. Солардың біразын осы көрме аясында таныстырмақпыз.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom