«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Итальяның Марке, Тоскана және Умбрия өңірлері болашақ энергиясы саласында жеткен жетістіктерін көрсетті. Сондай-ақ, аталмыш өңірлер Қайта өрлеу дәуірлеріне жататын құнды жәдігерлерін көпшіліктің назарына ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz .Марке, Тоскана және Умбрия өңірлері - Италиядағы баламалы қуат көздерін тиімді пайдаланып отырған аудандар.
«Біз әрбір ауданымыздың өзіндік ерекшелігі мен ұқсастықтары, интеллектуалды, мәдени, тарихи және әлеуметтік потенциалы бар», - деді Марке ауданының вице-президенті Анна Казини.
Сонымен қатар шетелдік қонақтар Италиядан Ренессанс дәуіріне жататын құнды жәдігерлер алып келген екен.
Италиядан әкелінген, Қайта өрлеу дәуіріне жататын тарихи экспонатта бүркіттің бейнесі салынған. Құнды жәдігерді Урбино герцогтігіне тиесілі. Аталмыш герцогтік қазіргі таңда Марке ауданында орналасқан.
Ренесанс дәуіріне жататын ең құнды жәдігер Тоскана ауданына тиесілі. Ол 1509 жылы шебердің қолынан жасалып шыққан.
Ал Умбрия ауданы Қазақстанға өзінің әсем табиғаты бейнеленген экспонатын сыйға тартты. Мұны шебер аталмыш өңірдерің жасыл жетелекке бөленген жасыл алқабы мен көз сүйсінерлік табиғатын бейнелеген.
Осы орайда Марке ауданының вице-президенті өз ойымен бөлісті.
«Италия – аты әлемге танымал Донателло, Микель Анджело сынды суретшілер мен өнертапқыштардың отаны. Сондықтан біз өз өнеріміздің бір бөлігін алып келдік. Мысалы, көркемөнер керамикасы – бұл жер және адамзат шығармашылығы энергиясының керемет үйлесім табуы. Итальяның әр ауданында табылатын, өзіндік тарих пен дәстүрге бай үш экспонатта су, от, ауа мен балшық сынды табиғат элементтерінің көрінісі бейнеленген», - деп түйіндеді сөзін Анна Казини.