EXPO көрмесі аясында «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» атты көрме ашылды

Жаңалықтар
23.06.2017, 17:04

Ұлттық музейде Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Baq.kz. Көрме аясында Тутанхамон топтамасының заттары: жартылай асыл тастармен әшекейленген фараонның алтын жалатылған ағаш күймесі, жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жалатылған ағаш тағы, сыртқы саркофагы, қыз мүсіні және жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жаға көрсетілді.56

Мысырдың бай тарихы династиялыққа дейінгі кезеңнен бастап орта ғасырға дейінгі аралықтағы әртүрлі тарихи кезеңдердің бұйымдары мен жәдігерлерінде көрініс табады.

Грек-рим кезеңі рим әйелінің бас мүсіні арқылы, ал копт кезеңі осы кезеңге тән икон жазуымен және портреттік сурет өнерімен таныстырылды.

Әсем жазулармен безендірілген шырағдан және гүл өрнектерімен безендірілген фарфор табақ жәдігерлері Ислам кезеңін көрсетеді.

Көрменің ашылу салтанаты барысында Мысырдың «Реда» тұңғыш халық биі ансамблі өнер көрсетті. 1959 жылы Махмуд Реда негізін қалаған бұл ансамблде 15 биші ғана болатын. Бүгінгі таңда ансамбль құрамында 150-ге тарта әнші, биші және техник бар. «Реда» ансамблі Мысыр фольклорын биімен де, музыкасымен де шетелдерде таныстыра алатын бірден-бір топ болып саналады.

Көрме 3 тамызға дейін жалғасады.

 

Сұхбат

PhotoRoom