Франция сенатының вице-президенті «ЭКСПО» көрмесінің маңызды рөлін атап өтті

Жаңалықтар
23.06.2017, 17:09

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Франция сенатының вице-президенті Эрве Марсеймен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz. Б.Бекназаров «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін Франция басшылығына ризашылығын білдірді және 21 маусымда осы елдің Ұлттық күнінің табысты өтуімен құттықтады.231

Сенат төрағасының орынбасары Франция Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық әріптесі екенін атап өтті.

«Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жылда біз екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығардық», – деді Б.Бекназаров.

Парламентаралық диалогтың келешегі туралы пікір алмасу барысында екі мемлекеттің Парламенттерінде жұмыс істейтін ынтымақтастық топтардың қызметі жоғары бағаланды.

«Біздің еліміздің қоғамдық және саяси өміріне француз депутаттарының зор ықылас аударып отырғаны қуантады», – деді Б.Бекназаров.

Ол сондай-ақ ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі және НАТО парламенттік ассамблеялары аясында француз әріптестерімен байланысты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Б.Бекназаров француз делегациясын Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының конституциялық міндеттері туралы хабардар етті және еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың мазмұны туралы айтып берді.

Эрве Марсей энергетика және «жасыл» экономика саласындағы инновациялық шешімдерді әлемге таныстырған «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызды рөлін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан мен Францияның заң шығару органдары екі мемлекеттің өзара түсіністік пен ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қоса алады.

 

Сұхбат

PhotoRoom