ҚР ИДМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жаңалықтар
23.06.2017, 17:12

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағынов Министрлік қызметшілерін Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады.

З.Сағынов өз сөзінде елімізде мемлекеттік аппараттың шағын, бәсекеге қабілетті, кәсіби қалыптасу мен мемлекеттік қызмет реформасы бойынша жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. Мемлекеттік қызмет моделінің жаңа тұжырымдамасында тиімділік, нәтижелілік, меритократия, ашықтық сияқты негізгі қағидаттар белгіленген.0s7a0796

«Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күнінің атап өтілуі мемлекеттік қызмет беделінің артуына ықпал етуі тиіс»,- деп атап өтті З.Сағынов.

Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауының салтанатты рәсімі, бильярд, тоғызқұмалақ және шахматтан жарыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жұмыста ерекше көзге түскен қызметшілер Құрмет грамоталарымен және «Үздік мемлекеттік қызмет белгісімен» наградталды.0s7a0933

Министрліктің 6 қызметшісі «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына қатысып, екеуі жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, Кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары Капишев Ербол Болатұлы Елбасының қабылдауында болды.

Сұхбат

PhotoRoom