Вашингтонда ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған бірқатар іс-шара өтті

Жаңалықтар
26.06.2017, 20:59

ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған іс-шараның бірқатары Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы штаб-пәтерінде өтті. Әлемге танымал қаржы орталығының ұжымы Астана, Еуразия фестивалімен танысумен қатар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Жобаны ұйымдастырушы – жерлесіміз Гүлнара Фебрес.52db277eec5c6d119d102b105e2082e6_L

Ол дүние жүзілік банкте 22 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Гүлнара Фебрес Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру үшін бірнеше ай тынымсыз еңбек еткен. Оған әріптестері де көмек қолын созды. Нәтижесінде концерттік бағдарлама өте сәтті шықты. Әсіресе «Аққу» биін билеген қазақтың ару қыздары көрермендердің ыстық  ықыласына бөленді. «Мен Қазақстаннанмын» әнін орындаған семейлік Диас Мүсәлімовке те ерекше құрмет көрсетілді. Нью-Йоркте оқып жүрген өнерлі студент бұған дейін де АҚШ-тың бірнеше концерт залдарында өнер көрсеткен еді. «Мұның бәрі елімізде өтіп жатқан ЭКСПО көрмесін насихаттау», - дейді Гүлнара Фебрес.

Гүлнара Фебрес, Дүниежүзілік банктің жетекші маманы:  - Дүниежүзілік банкте 200-ге жуық ұлттың өкілі жұмыс істейді. Менің өзімнің осында қызмет атқарып келе жатқаныма 20 жылдан асып кетті. Біз шарада Арал теңізі жайында деректі фильм көрсеттік. Теңізді қайта қалпына келтіруге арналған жобалармен таныстырдық. Ұлттық ас мәзірлерін де ұсындық. Әріптестерім бағдарламадан ерекше әсер алды деп ойлаймын.  Қазақстан жайлы ақпаратты қысқа-нұсқа бере алдық. Бүгінде банкте 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom