«Каспий бестігінің» басшылары Каспиймаңы мемлекеттерінің IV саммиті барысында Президенттер мәлімдемесіне қол қойды.
Каспиймаңы мемлекеттері – Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түркіменстанның басшылары Президенттер мәлімдемесіне қол қойды. Құжатта Каспий теңізіне аймаққа кірмейтін державалардың Қарулы күштерін кіргізуге жол бермеу шарты бекітілген.
Одан бөлек, «Каспий бестігіне» кіретін мемлекеттердің құзырлы министрліктері бірқатар үкіметаралық құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, Каспий теңізі гидрометеорология саласындағы серіктестік, Каспий теңізіндегі төтенше жағдайлар туралы ескерту және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, Каспий теңізі су биологиялық ресурстарын сақтау және мақсатты пайдалану туралы келісімдер.