МЕМЛЕКЕТ ҒЫЛЫММЕН АЙНАЛЫСАТЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫМЕН ҚОЛДАЙДЫ

Жаңалықтар
23.06.2017, 21:20

23 маусым күні Павлодар қаласында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда отандық тауар өндірушілер мен жүйе құрушы кәсіпорындар ірі жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы импорт алмастыру бағдарламасын одан әрі дамыту мәселелері талқылады.   Іс-шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «NADLoC Жергілікті құрамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ.70ecf6b549fe326aac9d2972edfd9f92_400x400

Жиынға Павлодар қаласы әкімдігінің, «Атамекен» өңірлік палатасының, «Қазақстанның машина жасаушылары одағы» ЗТБ, «Ғылым қоры» АҚ, KAZMinerals, «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС, «Евразийская группа» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, сонымен қатар Павлодар қаласы және Павлодар облысының 20-дан астам жаңа өнімдер шығаруға дайын отандық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

«NADLoC» АҚ төрағасының орынбасары Дмитрий Усовтың айтуынша ДСҰ және  ЕАЭО кіргеннен бері дөрекі қолдау әдістері жоғалды, қазір жаңа көзқарастар әзірленуде.

2017 жылғы 3 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы елдің әрбәр ірі кәсіпорнында жергілікті құрамды арттыруды және бизнеспен бірге әрбір ірі кәсіпорын бойынша жергілікті құрамды ұлғайту бойынша нақты мақсатты индикаторлар белгілеуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты «NADLoC» ірі компаниялардың технологиялық процесстері үшін тауарлық қажеттіліктерге егжей-тегжейлі таладау жасады және Павлодар облысының отандық тауар өндірушілерінің әуелетін зерттеді.

Кеңес барысында «Ғылым қоры» АҚ үйлестірушісі Гомар Кажкенов 2016 жылы «Ғылым қоры» коммерциялау жобаларын әзірлеу бойынша гранттық қаржыландырудың операторы ретінде белгіленгендігін айтты.

«Бүгінгі күні инновациялар – бұл бізге келген табыс кілті. Әзірлемелерге ғылымды енгізбей, ешбір өндіріс әрі қарай, тіпті ТМД шегінде бәсекелестікке қарсы тұра алмайды. Сондықтан былтырдан бері Үкімет осы бағытта белсенді жұмыс істеуде» - деп атап өтті Гомар Кажкенов.

Сонымен қатар, ол әзірлемелерді коммерциялау бойынша арнайы заң шығарылғанын еске салды.

«Қазір ғылым бизнеске пайдалы болуы үшін үлкен ақшалар берілетін болады. Әзірлемелер қолданбалы болуы керек және өндірістің өзінен шығуы тиіс. Ғылым өндірісте бар нақты мәселерге жұмыс істейді. Аз ақша емес – бір грантқа 300 млн. теңге. Ғылым өз өзімен мұндай гранттарды жүзеге асыра алмайды. Тапсырыс беруші өзінің әзірлемесі бар ғылыми ұйым болуы тиіс, ал жүзеге асырылуы кәсіпорында жүреді. Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 31 жобаның 24-не бизнес қатысып отыр. Біз сіздерді осы жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар біз «NADLoC» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс істейміз деп үміттенеміз. Себебі, бәсекеге қабілетті болғысы келетін кәсіпорындарға міндетті түрде ғылыммен жұмыс істеу керек» - деп мәлімдеді Гомар Кажкенов.

Дөңгелек үстел отырысының аяғында Дмитрий Усов өндірушілерге тұрақты сұраныстағы тауарлардың тізімін жіберуге уәде берді. Ал, өндірушілер өз кезегінде оны ұқыпты зерттеп, әлі шығарылмаған, бірақ модернизация көмегімен шығаруға дайын тауарларды көрсетуі тиіс.

«Бұл бізге сіздерді тікелей жұмыс істейтін компаниялар тізіміне қосу үшін жақын арада қажет. Бұл іске әкімдік және кәсіпкерлер палатасы тартылған. Осы тізімге кірген кәсіпорынға біз нақты бір маманды бекітеміз» - деп атап өтті Усов.

Жиын аясында қатысушылар «КазЭнергоКабель» АҚ және «Павлодар электрод зауыты» ЖШС сияқты Павлодар қаласының отандық өндірушілерінің өндірістік алаңдарына барды.

Сұхбат

PhotoRoom