Астанаға жылына 1 млн шетелдік турист келетін болады

Жаңалықтар
26.06.2017, 21:30

Астанада жылына шетелдік туристер саны 1 млн адамға дейін жетеді. Бұл туралы бүгін туризм және болашақ энергиясына арналған халықаралық конференцияда елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Туризмнің маңыздылығын өзге де мегаполистер үлгісінде түсініп отырмыз, яғни осы саланың шағын және орта бизнесті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға қалай әсер ететінін білеміз. Жақында британдық беделді басылымның Астана туризм үшін ең тартымды қалалардың бірі бола алатындығын мойындауы бекерден емес.038

Сондықтан да халықаралық компанияны тарту арқылы Астанада туризмді дамыту тұрғысында тиісті жоспарды әзірлеудеміз. Қазіргі кезеңде қалада осы саланы дамытудың үш негізгі басымдықтарын айқындадық. Біріншіден, оқиғалық-іскерлік туризм, екіншіден, рекреациялық туризм, үшіншіден, медициналық туризм ескеріліп отыр»,-деді әкім халықаралық конференцияда. Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылға қарай Астананы Еуразиялық кеңістікте ең тартымды әрі әсерлі қалалардың қатарына қосу жоспарда бар. «Астана форумдар, саммиттер, іскерлік конференциялар мен мәдени-спорттық шараларды өткізуде негізгі орталықтардың бірі болуы керек. Ол үшін шаһар барлық қажетті сапалы әрі дамыған инфрақұрылымды дайындап қойды, яғни әуежай мен вокзалдың және басқа да нысандардың әлеуеті жоғары. Біз шетелдік туристер санын жылына 1 миллионға дейін, ал қазақстандық туристердің үлесін 2 миллионға дейін жеткізу мақсатын қойып отырмыз. Осы орайда туристердің жалпы санын үш еседен астамға арттыру көзделіп отыр»,-деді Исекешев.

Сұхбат

PhotoRoom