Түркістандағы «ЖОЛАУШЫ» ЖШС 100 қызметкері  ЭКСПО-ға аттанды  

Жаңалықтар
27.06.2017, 21:20

ЭКСПО билеті сатылымға шыққан кезде Оңтүстік Қазақстан облысынан алғаш болып облыстық мәслихат депутаты, Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы Р.Тәңірбергенов 500 билет сатып алған болатын.  Осы игілікті істің алғашқы легінде Түркістандағы   «Жолаушы» ЖШС-нің 100 қызметкері ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды.   c56144a0-9330-4d56-9f3d-ca1f0755b9f2

Астананы бетке алған жолаушыларды комнапия  басшылығы сән-салтанатымен шығарып салды. Шараның ұйытқысы болған Рақым Тәңірбергенов «бүгін екі автобуспен  «Жолаушы» ЖШС-де қызмет ететін 100 азаматты шығарып салып тұрмыз. Астанаға барғанда әріптестеріміздің жатын орны толығымен шешілген. Ондағы мақсатымыз - қызметкерлеріміз Астана қаласын көріп, ЭКСПО көрмесін аралауына жақсы жағдай жасасақ деген ниеттен туындап отыр», - деді. 

Айта кетерлігі, бұл сапар шілде айының 12-сі күні қайта жалғасын таппақ. Ол кезде осындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің озат студенттері мен оқытушылар құрамы елордамыз Астанаға аттанбақ.  Дәл осындай игі шаралар  алдағы уақытта да  жалғасын табады.f52aa319-59d2-4050-ab1a-6023781b5075

Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары да Р.Тәңірбергеновтың қолдауына ие болып отыр. Қалалық ішкі істер басқармасына халық қалаулысының демеушілігімен 20 билет берілген болатын. Бүгінгі жолға шыққан жолаушылар арасында полиция қызметкерлері де бар. Қаладағы жаны жомарт азаматтардың бірінен саналатын Р.Тәңірбергеновке осы шара барысында қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Е.Қыдырбаев «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде тақты.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков игілікті іске мұрындық болып отырған Р.Көлбайұлына алғыс білдіріп, жолаушыларға сәт-сапар тіледі.

 

Сұхбат

PhotoRoom