ОҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 2,2 пайызға артқан

Жаңалықтар
28.06.2017, 00:32

Оңтүстік Қазақстанда осы жылдың 5 айында өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 203,1 млрд. теңгені құраған. Ал, кен өндіру  62,1 млрд. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 112,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқан.  Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мәлімдейді.агро

Осының ішінде мал шаруашылығы  өнімі 95 млрд. теңге болып, 2,5%-ға, ал, егін шаруашылығы бойынша 17,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 100% құрады.Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 8 орында болса, үлесі бойынша 1 орында - 17,2%.

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің едәуір көлемде артуы Шымкент пен Сайрам ауданында байқалады. Мәселен, қалада өнім көлемі 7,7% болса, Сайрам ауданында  7 пайызға жетіп отыр.

Сондай-ақ, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің басым бөлігін Сарыағаш (25,5 млрд. тг., үлесі – 22,6%) және Сайрам аудандары (12,7 млрд.тг. үлесі - 11,3%) өндіруде.

Басқарманың мәліметінше, өңірдегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 179,5 мың бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға артқан.

Ал облысқа осы уақыт аралығында 137,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 46,4 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада 1 орында.

Инвестиция көлемінің ұлғаюы Шымкент қаласындағы мұнай өндіру зауытында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарына салынған қаржы көлемінің артуы есебінен орын алды. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында питомниктің құрылысы жүргізілуі есебінен инвестиция көлемі 26,3 есеге артса, Түлкібас ауданында Састөбе цемент зауытының цехтарының кеңейту жұмысына тартылған инвестиция есебінен 1,7 есеге көбейген.

 

Сұхбат

PhotoRoom