ЭКСПО-да Катардың Ұлттық күні өтуде

Жаңалықтар
28.06.2017, 00:44

ЭКСПО қалашығындағы Катар павильонына келушілер қатары әдеттегіден көп. Өйткені катарлықтар Ұлттық күнін тойлап жатыр. Біз секілді мұнай экспорттаушы катарлықтар баламалы қуат көзін қаншалықты көп қолданады және павильон несімен ерекшеленеді?2015_19_06__09_30_11__451

Аслан Қаженов, тілші: Катар ЭКСПО-ға ерекше нақышта дайындалғандығы басынан бәрімізге аян. Бейресми сауалнамаға сәйкес, көрмеге келушілердің бәрі оның сыртқы көрінісі ең үздік деп, баға берген. Кіреберістегі стендте бұл елдің бастапқы кәсібі - мұхит түбінен маржан теру, сонан соң мұнай өндіру, сосын газ өндірісі туралы жазылған. Катардың Қазақстанмен ұқсастығы осы жер. Сондай-ақ бұл ел баламалы қуат көздеріне енді көшіп жатыр. Айта кетейік, катарлықтар қазақтар сияқты бүркіт баптағанды жақсы көреді. Катарда тіпті бүркіт емдейтін клиника бар. singapore-expo-event-calendarҚазір Доха баламалы қуат көздеріне баса назар аударуға шақырып отыр. Әлемдік нарықта мұнай арзандағасын, Катар қуат көзін күннен алады. Бұл ел құранға сәйкес ысырапшылдыққа жол бермеу арқылы жасыл экономиканы насихаттайды. Катардың павильоны лабиринт түрінде жасалған. Ал мұндағы айнаның көптігі шексіздікті білдіреді екен.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom