29 маусым күні таңертең аудан орталығы Шолаққорған ауылынан ауданның экономикалық- әлеуметтік дамуы мен өркендеуі, өрістеуі жолында елеулі еңбек еткен бір қатар еңбек ардагерлері Астана қаласына сапарға шықты. Олар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарын аралап, «АЛЖИР» лагері, Бурабай табиғат мұражайына барып, тынығып қайтпақ. Бұл облыс бойынша Созақ ауданан бастау алған тұңғыш бастама. Шараны ұйымдастырушылар қатарында аудан әкімі Салыхан Полатов сапарға шығып тұрған ардагер ағаларымызға шынайы ақжолтай сапар тіледі. Шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов болды. Ардагерлерді барып-қайту сапарында жол бастап алып жүретін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақәділ Сатыбалды және ардагерлердің денсаулығына жауапты дәрігер, әлеуметтік сала қызметкерлері сияқты жауапты мамандар да қоса кетті.
Шарада сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, ақын, жазушы Дулат Тұрантегі, ақын Төлеген Кәрібеков шығарып салушыларға алғыс айта отырып, үлкен бастаманы қуана құптайтынын білдірді. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының әсем әндері мен сазды күйлері ырғағымен ұзақ сапарға шыққан ардагерлерімізге айтарымыз «Аман барып, сау қайтыңыздар ардагер ағалар!» деген ізгі тілекпен шығарып салды.