Үржар-Астана әуе рейсі ашылды

Жаңалықтар
29.06.2017, 20:42

Шығыс Қазақстанның Қытаймен шекарада жатқан шалғай ауыл тұрғындары енді елордаға 2 сағатта жететін болды. Үржар-Астана бағытында жаңа әуе рейсі ашылды. Аптасына 4 рет қатынайтын рейсте жолаушыларға 40 орындықты АН-2 ұшақтары қызмет етеді. Бұған дейін аудан орталығынан Семей, Өскемен, Алматы қалаларына ғана әуе қатынасы бар еді.d765fd9f1a0f5b1787b4bb2026ad1126_L

Мұның бәрі аймақтағы туризмді дамытып, Алакөлге келетін саяхатшылар санын еселеуге жол ашады. ЭКСПО көрмесіне де барыс-келіс жандана түспек. Жоспар бойынша келесі жылы әуежайды күрделі жөндеуден өткізіп, ұшып-қону жолақтарын 1,5 шақырымға дейін ұзарту көзделіп отыр. Яғни болашақта «ТУ», «БОИНГ» сияқты алып ұшақтар қабылдауға да мүмкіндік туады. Болат Бектеміров, Үржар әуежайының коменданты: - Астана мен Алматы рейсінің 50 %-ын республикалық бюджеттен төлейді. Ал Семей, Өскемен облыстық бюджеттен төленеді. Билет бағасы Семейге 7 мың, Өскеменге 8 мың, Астана мен Алматыға 14 мың теңге. Ақылжамал Қажиекперова, Мақаншы ауылының тұрғыны: - Тойға кетіп барамыз қызымыз екеуміз. Бұрынғыдай автобус, пойызбен емес, тура ұшып бара жатырмыз. Көп балалы аналар мен бәрінен рахмет айтамын!

Сұхбат

PhotoRoom