2016 жылы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялау механизмін өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, жолаушылар вагондары паркін жаңартуға инвестициялар тартуға заңнамалық негіз пайда болды.
Яғни жаңа шарттар бойынша жасасқан қаржыландыру келісімшарттарына сәйкес ағымдағы жылдан бастап тасымалдаушылармен әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жаңа жолаушылар вагондарын деңгейлі сатып алу жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, №75/76 Қызылорда – Петропавл бағытындағы поезд құрамы 56%-ға немесе 13 ресейлік плацкарт вагондарымен жаңартылды.
Сонымен қатар, № 621/622 Қостанай – Арқалық және № 327/328 Қостанай – Қарағанды бағыттарындағы поездар құрамында жүріп тұратын жолаушылар вагондары паркінің 50% немесе 12 бірлігі жаңартылды.
Жаңарту іс-шаралары ертеректе жолаушылар тарапынан көптеген шағымдар түскен № 43/44 Қостанай – Алматы бағытындағы поезында қарастырылған. Яғни, поезд құрамы 14 плацкарт вагондарымен жаңартылған және 2017 жылдың аяғына дейін тағы 6 жаңа вагонмен толықтырылатын болады.
Сонымен бірге, № 307/308 Астана – Жезқазған және № 55/56 Көкшетау – Қызылорда бағыттарындағы поездар құрамдарын 10 купе және плацкарт вагондарымен ішінара жаңарту күтілуде.
Жаңа вагондар қадағалау, диагностика және вагонды басқару жүйесімен, ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сонымен қатар жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған.
Жолаушылар вагондарын кезеңді жаңарту шаралары алдағы жылдары жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық жолаушы вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа теміржол көлігімен қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.