Астанада EXPO көрмесі аясында роботтар жарысы басталды

Жаңалықтар
03.07.2017, 23:25

Астанада роботтардың жарысы басталды. Сол құлтемірді басқаратындар – бүгінгі мектеп оқушылары болғанымен, талай халықаралық жарыстардан жеңімпаз болып оралғандар. «Әлемдік робот олимпиадасы» деп аталған ұлттық чемпионат EXPO көрмесі аясында өтіп жатыр. Үшінші рет өткізіліп отырған мұндай жарысқа әркез Назарбаев зияткерлік мектептері мұрындық болады екен. Чемпионатқа қатысушылардың үштен екісі – сонда оқитындар. Ең көп оқушы Алматы қаласынан келіпті. Ерханның роботы футбол ойнағанда қарсыласын керемет алдайды екен. Роботты өзі құрастырыпты, бағдарламасын сыныптасы жасаған. Робот жасаудың керемет ұнайтынын айтады.20170703125117

Ерхан Еркін, ұлттық чемпионатқа қатысушы: – Қазір робототехникамен айналысатын адамдарды көп деп айта алмаймын, бірақ келешекте көбейетініне сенемін. Себебі болашақта бұл біздің өмірімізге керекті мамандық, қажетті сала болады деп ойлаймын.

Болашақ робототехниктердің жасаған құрылғылары өмірде де қажетке жарап жатыр. Мысалы, астаналық оқушының жасаған роботы үйде ешкім жоқ кезде балықтарды қоректендіреді. Ал қызылордалық өнертапқыш оқушы цистернадағы қалған мұнайды дәл өлшейтін робот ойлап тауыпты. Оқушылар өмірге керекті заттарды ойлап табу керек деген идея төңірегінде жұмыс істейді. Оған арнайы жаттықтырушылар тәрбиелейді. Былтыр Назарбаев зияткерлік мектептері 3 мың жаттықтырушы дайындап шығарыпты.20170703125125

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы: – Былтырмен салыстырғанда, биылғы қатысушылардың қатары 2,5 есеге көп. Бұл – өте қуанышты жағдай. Оның үстіне биыл ұлттық жарысқа ауылдың екі командасы келіп отыр.

Ұлттық чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 150 команда мен Өзбекстаннан қонақтар қатысып жатыр. Жеңімпаздары Коста-Рикада өтетін халықаралық жарысқа баратын командаға топтасады.

Дерек көзі:khabar.kz

Сұхбат

PhotoRoom