ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІ РОБЕРТО ЛОРЕТИДІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Жаңалықтар
04.07.2017, 00:09

Астана қаласына арнайы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені көруге келген танымал италияндық әнші Роберто Лоретидің баспасөз конференциясы өтті.RL2

«Сіздермен болуға өте қуаныштымын. Бұл менің Қазақстан Республикасына алғашқы сапарым емес. Мен көптеген елдерде болдым, бірақ Қазақстанды ең адал жанкүйерлерім үшін ерекше бағалаймын», - деп атап өтті әнші.

Сондай-ақ, әнші Астана стратегиялық маңызды қалаға айналып, қысқа мерзім аралығында үлкен талпыныс жасағандығын атап өтті. Л. Лоретидің пікірінше, бұл көреген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі.

«Мен Нұрсұлтан Әбішұлымен жеке таныспын. Ол Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан ұлы Президент. Көрме Мемлекет басшысының еңбегінің жемісі және қоршаған ортаға ерекше қамқарлығы мен оны қорғауының дәлелі, себебі көрме тақырыбы ЭКСПО-2017 – «Болашақ Энргиясы».

19 шілде күні Энергия Холында италия эстрадасының жарқын жұлдыздары: Роберто Лорети, Тото Кутуньо және танымал италияндық топ Ricchi e Poveri бірлескен концерті өтетіндігін еске саламыз.

Сұхбат

PhotoRoom