Сомали сауда қатынасын ныңайтуға ниетті

Жаңалықтар
04.07.2017, 00:20

Шілденің алғашқы күні ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Сомали Федеративтік Республикасы ұлттық күнін тойлады. Астанадағы жиында жасыл энергетиканы қолдайтындықтарын білдірген сомалиліктер – өте көңілді халық. Ән мен биді жандары сүйеді екен. Ұлттық мерекелеріне салт-дәстүрлерінен танытатын бағдарлама дайындап әкелген. 1499051446_article_b_1500_ Мемлекеттің танымал әншісі Ник Косова шарада Сомали дәстүрлі әуендерінің желісіне құрылған афро-поп әндерін орындады. Олардың ЭКСПО-дағы төл мей­рамын дәл 1 шілдеге орайластыруының өзіндік мәні бар екен. 1960 жылдың 1 шілдесінде Сомали-ленд пен Сомали бірігіп, Сомали мемлекетін құрған. Қазір федеративтік республика. Сонау Шығыс Африкадан келген сомалиліктердің айтуынша, елдерінде жиі құр­ғақшылық болады. Сондықтан жасыл энергетиканы, осы салаға қатысты технология­ны меңгеру жолдарын қарас­тыруда. Олардың басты мақ­саты – баламалы энергияны қолдануда көш бастап тұрған мемлекеттердің озық жобаларымен танысып, әріптестік орнату.  Мерекенің ресми бөлімінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жау­апты хатшысы Жанат Қо­жах­метов сөз сөйлеп, қонақ­тарға деген жылы лебізін біл­дірді. Өз кезегінде Сомали Премьер-министрінің эко­но­микалық мәселелер жө­ніндегі аға кеңесшісі Абдул­лахи Юсуф Мохамед екі мем­лекеттің де Ислам ынты­мақтастығы ұйымына мүше және дипломатиялық қарым-қатынаста екенін айтты. «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанмен сауда қарым-қатынасын нығайтуға ниеттіміз. Сол арқылы жасыл технология, мұнай-газ және тау-кен барлау жұ­мыс­тары салаларындағы ын­­тымақтастықтың негізін қалаймыз», деді ол. Абдуллахи Юсуфтың айтуынша, көр­ме­нің «Болашақ энергиясы» тақырыбы қазба отынға тәуел­ділікті барынша азайтуды зерт­тейтін өте маңызды жоба. Сомали шара аясында мәдени және жаңартылатын энергия бастамаларын ұсынады, идея­ларымен бөліседі, алмасады.  Сомали республикасының өкілі Лушку Валушику Африка құрлығынан ЭКСПО-2017 көрмесіне жиырмаға жуық мемлекет қатысып жатқанын жеткізді. Барлығы да жа­ңартылған энергияны та­быстың көзі санайды екен. «Сомалидің де күн энергиясына қатысты жобалары бар. Оны әлі де толықтыра түссек дейміз. Бізге бастысы тәжірибе жинақтау керек. Ал Қазақстан маған ұнады. Көрменің дәл осылай жоғары деңгейде өтіп жатқандығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар­қасы дер едім», деп ағынан жарылды ол.

Ақпарат көзі: "Егемен Қазақстан"

Сұхбат

PhotoRoom