ЭКСПО-ның ең танымал павильондары белгілі болды

Жаңалықтар
10.07.2017, 21:50

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі келушілер арасында ең танымал павильондар белгілі болды. Бұл туралы бүгін көрменің 1 айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Халықаралық қатысушылар жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.NA_news

«Танымал павильондарға қатысты айтар болсақ, тұрақты жариялап келе жатқан бұл рейтинг айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Келушілердің арасында жоғары танымалдық ие павильондардың қатарында Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан және Оңтүстік Корея елдері бар. Келушілердің топ елдерінің осынау рейтингісіне Африка павильонының да қосылуы қуантарлық жайт», -деді Ілия Оразақов. Оның айтуынша, қазіргі уақытта көрмеге келушілердің Африка өңірінің экзотикалық елдеріне де зор қызығушылық таныта бастағандығы байқалады. «Қатысушылардың айтарлықтай тосын жайттарға ұрынуы тіркелген жоқ. Барлық да штаттық режімде өтіп жатыр. Қатысушыларға барынша ыңғайлы жағдай жасауға тырысудамыз. Біздің байқауымызша қатысушылардың өздері де көрме қонақтарымен әңгімелесуге құлықты. Қонақтар үшін өздерінің көрмеге қатысуын барынша тартымды жасауға баса мән беруде», - деді ол. Айта кетерлігі, бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов 1 айдың ішінде«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін 920 мыңнан астам келуші тамашалағандығын айтқан болатын.

Сұхбат

PhotoRoom