1 айдың ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін 920 мыңнан астам келуші тамашалады. Бұл туралы бүгін көрменің 1 айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1 айдың ішінде көрмеге 921 293 адам келді. Біздің ертең түс ауа көрмеге миллоныншы келуші кіреді деп ойлап отырмыз. Халықаралық павильондарға кіріп-шығу саны - 5 млн 960 мың. Көрменің негізгі нысандарына кіріп-шығу саны 834 579 ретті, оның ішінде «Нұр әлем» павильонына кіріп-шығу 303 007 ретті құрап отыр», - деді ол. Оның айтуынша, аталған уақыт ішінде көрмеге 160 мыңнан астам жеңілдетілген тарифпен адамдар кірді. Олар: 6 жасқа дейінгі балалар, мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және мүгедектер. 409 700 адам еліміздің басқа өңірлерінен ұйымдастырылған топтармен келді. Оның ішінде - 17 700-і балалар. Келушілердің басым бөлігін Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары құрайды. «Біздің есеп бойынша көрмеге 130 мыңдай шетел азаматтары келді. Олар келушілердің 14 пайызын құрайды. Ресейден 35 500, Германиядан19 000, Қытай Халық Республикасынан 11 500 адам келді», - деді Қарымсақов. Өздеріңізге белгілі ЭКСПО өтіп жатқан уақытта ашық аспан режімі бар. Осы уақыттың ішінде біздің елімізге 21 әуе компаниясы 28 халықаралық бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Аптасына елордаға 166 рейс келеді. Біздің мәлімет бойынша қаладағы қонақ үйлер 60 процентке толып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. Бір айдың ішінде көрмеде 1 031 ойын-сауық және іскерлік шаралар болды. Мемлекет басшыларының, министрлердің, халықаралық комиссиялардлың қатысуымен 84 хаттамалық шара өтті. Өздеріңізге белгілі 1-10 шілде аралығында бізд ежеңілдетілген 2 акция болды. Жалпы көрме штаттық режімде жұмыс істеуде. Оқыс оқиғалар болған емес», - деді компанияның басқарушы директоры.