Германиядан Қазақстанға соңғы 12 жылда 4 млрд. АҚШ доллары болатын шетелдік инвестиция тартылған

Жаңалықтар
11.07.2017, 20:19

2005  жылдан бері Германия елінен Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция шамамен 4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінде мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен құрылыс, сауда, өнеркәсіп өндірісі, кен орындарын игеру сияқты салаларда 900 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ал, энергетика, химиялық сала және туризм перспективалы бағыттар болып табылады».19665474_1579463628762595_5808006854543762960_n

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германияның тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан 2017 жылдың 1-ші тоқсаны кезеңінде Германиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция ағыны шамамен 4 млрд. АҚШ долларын құрады.

«Германиялық компаниялар елдіміздің индустриялық дамуына белсенді атсалысып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Біз ел экономикасына Германиядан инвестиция тартуға мүдделіміз және министрлік бірлескен жобаларды жүзеге асыруда барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.0s7a1393

Сонымен қатар, іскерлік кеңес отырысында ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойылды. Олардың қатарында ҚР ИДМ мен немістің DENA энергетикалық агенттігімен энергия тиімділік және энергетикалық инфрақұрылым және өнеркәсіптік жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы, «Германия машинажасау Одағы» мен «Қазақстанның машинажасау Одағы» ЗТҰ арасында машина жасау саласы бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандум, ҚР ИДМ мен «Asadel International» компаниясы арасындағы OBI құрылыс нарығы желісін дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум, ҚР ИДМ мен «Heidelbergcement Kazakhstan» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Linde Group арасындағы инвестициялық қызметті қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім,  «Казгеология» АҚ мен  «ULMUS Kazakhstan» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы келісім, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен TUM International арасындағы Астанада неміс технологиялық және кластерлік орталығын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум, «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ мен Fraunhofer институты арасында Industry 4.0. бойынша ынтымақтастық туралы меморандум бар.

Сұхбат

PhotoRoom