ЭКСПО көрмесі аясында Қазақстан-Малайзия бизнес форумы өтті

Жаңалықтар
13.07.2017, 00:06

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен малайзиялық «Rich Energy» компаниясының бас директоры Шахул Хамид Мохд екіжақты меморандумға қол қойды. «Малайзия-Қазақстан» бизнес форумында жасалған келісім өңірге 1 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция тартуды қарастырады. Меморандумға сәйкес, еліміздің оңтүстік-батыс аймағындағы мұнай-газ, электро-энергетика, ауыз сумен қамтамасыз ету және туризм сияқты салалары дамытылады. EXPO 2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған жиынға Малайзияның энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстандағы Малайзия елшісі мен осы елдің Халықаралық сауда және индустрия министрінің орынбасары қатысты.5e924856bbfb25acffb0cb1c798f8d6c_L

Датук Ахмад Хаджи Маслан, Малайзияның халықаралық сауда және индустрия министрінің орынбасары: - Бүгінде Маңғыстауда мұнай мен газ өңдейтін 54 ұңғыма бар. Малайзиялық «Rich Energy» компаниясы осы өңірге шет елдерден инвестиция тартып, 2020 жылға қарай ұңғымалардың санын 88-ге жеткізуді көздейді. Сонымен қатар компания метанол шығару зауыты мен электростанция құрылысын және табиғи газды сұйылту құрылғыларын орнатуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, былтыр екі мемлекет арасындағы сауда-саттық көлемі шамамен 50 млн АҚШ долларына жуықтады. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36%-ға артық. Ал Малайзияның Қазақстанға тауар экспорттау көлемі 44 млн АҚШ долларын құрады. Осылайша Малайзия тауар айналымы жағынан ТМД аймағында 4-ші әріптесіміз болып отыр.

Ақпарат көзі:24.kz

Сұхбат

PhotoRoom