Қарабалин жанармайдың қымбаттауын құптайды

Жаңалықтар
01.10.2014, 16:49

Күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын өсіру - халықты титықтатудың төте жолы.  Азық-түлік қымбаттауы үйреншікті жағдайға айналған. Ал жанар-жағармай тапшылығы, баға өсуі, жол жүру ақысының қымбаттауына халықтың реакциясын байқау қиын емес. Ал, Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалиннің Қазақпарттағы мына бір мәлімдемесіне көз жүгіртіңіз...

«Менің ойымша, уақыт өте баға көтерілуі тиіс. Жанымыздағы 30-40 елдің ішіндегі ең арзан жанар-жағар май бізде екені сіздерге белгілі. Қазақстан бүгінде - еуразиялық кеңістікте ең арзан жанар-жағар майы бар мемлекет.  Біздің аумақпен өте көлемді жүк көліктері өтеді, барлығы Қазақстан шекарасына жетіп, мұнда көліктерін жанар-жағар майға толтырып шығаруды қалайды.  Жүк көліктеріне тоннаға дейін жанар-жағар май құйылатынын айтпаса да болатын шығар.  Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК Үкіметтің тапсыруымен жанар-жағар майды сатып алып, оны арзан бағамен сатуда. Осылайша шығындалып жатыр.   Бұл қашанғыға дейін жалғасады? Меніңше, уақыт өте баға өсуі тиіс»

Сұхбат

PhotoRoom