EXPO көрмесін бүгінге дейін оңтүстікқазақстандық 2250 оқушы барып тамашалады

Жаңалықтар
13.07.2017, 22:26

Бүгінде Шымкент қаласынан Астанада өтіп жатқан айтулы халықаралық көрмеге оқушылардың тоғызыншы легі аттанып кетті. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер маман бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестірілуде. 207cc33f-a253-4e74-aa1d-731654aa1066

Саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің басты нысаны – «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны, сондай-ақ, шетелдіктердің ұсынған заманауи технологиясының жаңа жетістіктерін тамашалап, энергия-қуат күшін алатын тың жоба – жеке аймағымен танысуда. Екінші күнінде Елордамыздағы бірқатар мәдени ошақтар – ҚР Ұлттық музейі мен Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументалды ғимараты, «Президент» саябағы секілді ауқымды нысандарды аралайды. 41afa37e-e813-4da5-8923-2577048db5c8

«Астана – ЭКСПО 2017» мамандандырылған көрмесіне барған оқушыларға бес күндік бағдарлама бекітілген. Онда балалар жол жүру билеттері мен 4 мезгіл тамақпен тегін қамтылды. Ал көрмеге барып, игі бастамаға қатысып қайтқан шәкірттердің білім мен ғылымға, қоғамға деген құрмет-құштарлығы еселенгенін байқауға болады.

«Үлкен қобалжу үстіндемін. Күнгейден көрмеге келу – мен үшін мәртебе! Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Халықаралық мәдени шарада шетелдік өнертапқыштардың жетістігімен танысып, жаңа технологияның кең мүмкіндіктерін сараладым. Болашақта менің де ғалым болғым келеді. Елімнің игілігі үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, дамыған елдермен тереземіз тең болуы жолында қызмет ету – мақсатым», - дейді Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқушысы Әсел Мүсіретәлі. 6461e7de-7ba4-41a8-ba24-42b46c9e1508

Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға ата-аналары мен жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Яғни, әзірге 2250 шәкірт айтулы көрмені тамашалап қайтқан болса, қалған 1400 оқушы ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін Елордамызға барып, мәдени шараны көзбен көрмек.

Сұхбат

PhotoRoom