Қазақстанда германиялық инвесторлармен жаңартылған энергия көздері жөнінен 5 жоба жүзеге асырылмақ

Жаңалықтар
13.07.2017, 23:37

Бүгін Астанада Германия Федеративті Республикасының Президенті Ф.В.Штайнмайердің Қазақстанға сапары аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық жұмыс тобының 11-ші отырыс болды.0s7a2467

Отырыс ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаировтың және ГФР экономика және энергетика федералды министрлігінің сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Эгхарт Францтың төрағалығымен өтті.

Жұмыс тобы отырысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері; энергетика саласы бойынша энергия тиімділік, қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономика»; шикізат, өнеркәсіп және технология саласы; білім, туризм, инфрақұрылым сапасы, көлік логистикасы, ауыл шұаруашылығы мен су ресурстары, денсаулық сақтау, бәсекелестікті қорғау, сонымен қатар, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы комитеттерімен жұмыс аясындағы ынтымақтастық сияқты мәселелер талқыланды.

Вице-министр Ерлан Хаиров Германияның энегия тиімділік пен энергия үнемдеу бойынша әлемдік көшбасшы екенін атап өтті. Жаңартылған энергия көздері мен Германияның мамандандырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуы екі елдің болашақтағы өзара іс-қимылының перспективалары мен жоғары деңгейін айғақтайды.

Қазіргі уақытта германиялық инвесторлардың қатысуымен 2020 жылға дейін жалпы қуаты 189 МВт болатын жаңартылған энергия көздері жөнінен 5 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүгізілуде.

Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесі тұрақты түрде жұмыс істейді. Кезекті отырыста 872 млн. евро. сомасындағы 21 құжатқа қол қойылды.

Екі жақ Германияның озық технологиясы мен білімін және тәжірибесін қолдануға бағытталған экономикалық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін атап өтті. Сәтті шыққан үлгі ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Германияның «DENA» энергетикалық агенттігі арасындағы Қазақстанда энергиялық сервистік нарықты дамыту моделін әзірлеу жөніндегі ынтымақтастығын айтуға болады. Сондай-ақ, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ мен Фраунгоффера институты арасындағы Индустрия 4.0 технологиясын енгізу саласы бойынша Қазақстан өнеркәсібін цифрландыру ынтымақтастығы да сәтті жобалардың қатарына жатады.

Германиялық серіктестермен шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы Үкіметаралық келісім аясында тығыз ынтымақтастық орнаған. Бұл тұрғыда сәтті жүзеге асып жатқан жобаларды атауға болады. Мысалы, «HeidelbergCement» компаниясы қазақстандық 3 цемент өндіру зауытында, «Қазгеология» АҚ мен «Ulmus Fund» компаниясы Қарағанды облысында мыс, түрлі түсті және асыл металдарды бірлесіп барлау жобасы, Жамбыл облысындағы жобалық қуаттылығы жылына 5100 кг алтын құймасын және басқа да металдар өндіретін  «Aurum Deutschland» ЖШС тау-кен металлургиялық комбинаты мен алтын кен орнын игеретін құрылыс жобаларын мысалға келтіруге болады.

Тараптар үкіметаралық жұмыс тобының келесі отырысын 2018 жылы Германияда өткізуге келісті.

Анықтама: Соңғы 12 жылда Германиядан Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестиция 4 млрд. АҚШ долларына артты (4,028 млрд. АҚШ долл.). Қазақстан мен Германияның сыртқы сауда айналымы 2016 жылы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Сұхбат

PhotoRoom