Елбасы жаңа теміржол құрылысын бастауға рұқсат берді

Жаңалықтар
01.10.2014, 17:13

Президент Н. Назарбаев Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ақтау портын кеңейту  жобасының жүзеге асырылуымен танысты және «Боржақты - Ерсай» жаңа темір жолының құрылысын бастауға рұқсат етті.

«Ақтау портын 22 га дейін  кеңейту жобасында  қуаттылықтары жылына 1,5 млн. тонна болатын  астық терминалын және негізгі  жүктер мен контейнерлік жүктерге арналған  екі терминал салу  арқылы  жөнелтілетін  жүктердің  жалпы көлемін  жылына 19,5 млн. тоннаға  жеткізу көзделген.  Жалпы құны 38 млрд. теңге болатын  жобаның 1-ші кезеңін 2014 жылдың  желтоқсанында аяқтау  жоспарланған», - деп хабарлады «ҚТЖ» ҰКбаспасөз қызметінен.

Маңғыстау облысы еліміздің экспорттық-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды көліктік-логистикалық жүйе болып табылады. «Арқалық - Шұбаркөл», «Жезқазған - Бейнеу» темір жол желілерін іске қосу, сондай-ақ  «Қорғас - Шығыс Қақпасы» арнайы экономикалық аймағын  дамыту арқылы  Қытай - Еуропа,  Қытай - Парсы  шығанағы елдері, «Қытай - Иран» бағыттарына  жүктерді тасымалдау үшін Каспий жағалауы өңірлерінде көліктік инфрақұрылымды  дамытуды   қажет ететін  тасымалдаудың  жаңа логистикалық тізбесі  қалыптасуда.

«Боржақты - Ерсай» теміржол желісі Құрық портында паром кешенін салуға және жағалау аймағында бірқатар индустриялық жобаларды жүзеге асыруға инфрақұрылымдық негіз болады.

«Барлық жобаны іске асыру нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Маңғыстау облысының теміржол және порт инфрақұрылымын дамытуға соңғы 5 жылда 200 млрд. теңгеден астам инвестиция құйылды.

Сұхбат

PhotoRoom