Ұқсас зерттеулерді Институт ЕАЭО мүше мемлекеттерді мемлекеттік қолдау мониторингі, ЕАЭО құрамына жаңа мүше елдердің кіруінен Қазақстанның өнеркәсібіне әсерін бағалау, сондай-ақ «Өнеркәсіптік» бөлігі бойынша ЕАЭО Шартының нормаларын жүзеге асыруға қатысу мақсатында жүргізіледі.
Сонымен, Индустриялық саясат орталығы сарапшыларының ақпараты бойынша Қазақстан ЕАЭО өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өзара және сыртқы тауар айналымы үшін үлесті ұлғайтты. Кестеде көрсетілгендей, Қазақстан 2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы ЕАЭО өзара тауар айналымы құрылымында, үшінші елдегі ЕАЭО-ның жалпы экспорты құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтты.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Кореяның арасындағы 2016 жылғы тауар айналымы $676,6 млн. құрады. ЕАЭО мен Оңтүстік Корея арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісім жасау ықтималы Қазақстан үшін белгілі пайдаларды болжамдайды.
Егер ЕАЭО елдердің басқа өндірушілерінің ресейлік импортты алмастыру бағдарлмасына қатысу тетіктері туралы айтатын болса, онда Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсынысы бойынша «Ресей Федерациясы үшінші елдерде шығарылатын және Ресей аумағында импорттауға жатқызылатын материалдардың, құрамдас өнімдер мен жабдықтардың аналогтарын шығару жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде қатысуға дайын ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнеркәсіп өндірушілерінің тізбесін» қалыптастыру керек.
Бірақ «ҚИДИ» қазақстандың сарапшылары, тізбеде белгілі бір кемшіліктер бар деп санайды. Мысалға, ресей тарапынан Комиссияның қалыптастырылған тізбесінің өндірушілеріне қандай да бір басымдықтар немесе артықшылықтар ұсыну болжамдалмайды. Бұл, ресей тарапы болашақта тізбенің өндірушілеріне қандай да бір басымдықтар ұсынатын болса, онда Тізбеге қандай да бір себептермен енгізілмеген жаңа компаниялар немесе басқа өндірушілер мұндай артқышылықтарды пайдалану мүмкінсіздігінде ҚР үшін қауіп болады. Егер ресей тарапы болашақта тізбе өндірушілеріне қандай да бір басымдықтар ұсынбаса, онда Тізбе жұмысқа жарамсыз болады немесе қазақстандық өндірушілердің пайдасына пайдаланылмауы мүмкін.
Сондықтан, сарапшылардың пікірінше, кәсіпорындар тізбесін әзірлеудің орнына, Ресей өндірушілерді ынталандыру үшін РФ импортты алмастыру бағдарламасына қатысуға ЕАЭО бойынша әріптестерді ұсынуға, ресейлік өңдірушілермен тең құқықтар жасауға дайын, шаралар тізбесін әзірлеу анағұрлым тиімдірек болар еді. Мысалға, РФ-ның нарығына сол немесе өзге де тәсілдермен шығуды шектейтін, қолданыстағы НҚА-де олардың іс-әрекеттері ЕАЭО өнірушілеріне, РФ импортты алмастыру бағдарламасына қатысушыларға таратылмайды деген ескептпені қарасытру.
Төменде мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беру мәселелері бойынша талықылаулар жүргізу туралы өтініш беру және оны қарау рәсімінің схемасы көрсетілген.
Осы және басқа талдамалық дайджесттер тоқсан сайын «Аналитика» бөліміндегі Институттың www.kidi.gov.kz ресми сайтында орналастырылатынын атап өту керек.