Жұмысы тоқтап тұрған тоқыма фабрика қайта іске қосылды

Жаңалықтар
16.07.2017, 01:03

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі - «Azala Textile» ЖШС өзінің өндірісін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл мақсатта «Azala Textile» «OxyTextile» ЖШС барлық мүліктік кешенін сатып алып, «Azala Cotton» ЖШС болып өзгерді.

????????????????????????????????????

«Azala Cotton» ЖШС фабриканың қызметін қайта жандандыру бойынша 2017 жылдың наурыз айында инфрақұрылым, жабдықтар және өндірістік циклді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.Қазіргі таңда іске қосу жұмыстары аяқталып, 2017 жылдың 16 маусымында қайта іске қосылды. Бүгінде фабрикада 210 адам жұмыс жасауда.

Жалпы, кәсіпорын жылына 6 мың тонна кардалық және таралған мақта иірім жіптерін өндіру қаралған. Жобаға тартылған жалпы инвестицияның көлемі 5,4 млр.теңгені құрайды.

Айта кетейік,  «OxyTextile» ЖШС  2010 жылы іске қосылып, бүгінгі таңға дейін түрлі себептерге байланысты тоқтап тұрғаны белгілі. Бұл ретте, Әкімдік фабриканы қайта іске қосу мақсатында инвесторларды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тоқыма өндірісіндегі озат компаниялардың бірі «Azala textile» ЖШС 2017 жылдың қаңтар айында «БРК-Лизинг» АҚ-нан «Oxy Textile» ЖШС-нің мүліктік кешенін сатып алды. Бүгінде бұл фабрика сәтті іске қосылып, 100 тоннадан астам иірім жіптерін өндірді.

Сұхбат

PhotoRoom