Созақтағы металл құрастыратын зауыт қуаттылығын арттырып келеді

Жаңалықтар
23.07.2017, 19:11

Созақ ауданының индустриялық аймағында орналасқан «UKO-S-Star» металл құрастыру зауыты бүгінде жұмысын сәтті жүзеге асырып келеді. 2012 жылы теріскейде ашылған индустриалды аймақта іс бастаған алғашқы кәсіпорындардың бірі болып табылатын жоба алғашында күніне жүз бөшке шығаратын бұл зауыт бүгінде жылына 50 мың дана металл бөшке шығарады.

бөшке02-720x405

Осылайша, уран өндiрiсi мен кәсiпорындарға арналған металл бөшкелерiн дайындайтын кәсіпорын жыл санап қуаттылығын арттырып келеді. Қазiргi таңда зауытта 35 адам жұмыс iстейдi. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарлама аясында іске асқан.

Бүгінде зауыт уран концентратын тасымалдауға арналған бөшкелер шығарады. Ол «Табиғи уранның концентратын тасымалдауға арналған ТУК-44/8 көліктік бумалау жиынтығы» деп аталады. 2013 жылдан бастап зауыттың өнімдеріне «АППАҚ» ЖШС, «Қаратау» ЖШС және «Бетпақдала» БК» ЖШС-дан тапсырыс түсе бастаған.ON_ONIM-LOGO

Биыл олардың қатарына «КАТКО» БК» ЖШС қосылды. Болат бөшкеге тапсырыс беріп отырған бұл компаниялардың барлығы «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қарайды.

Ұлттық компания осы зауыт шығаратын өнімнің сапасын әрдайым бақылауында ұстайды. Компания екі жүз литрлік бөшкелерге уран өнімдерін салып, экспорттайды. Сондықтан бөшкелерге әлемдік стандарт белгіленген. Атап айтқанда, бөшкенің қалыңдығы 1,5 мм, асты мен үстінің қалыңдығы – 2 мм, қамытының қалыңдығы 3 мм болады. Уран өнімдерін шетелдерге тек осы бөшкелермен теміржол, теңіз жолдары арқылы тасымалдайды.

Сұхбат

PhotoRoom